Ұлттық ұланның 10 әскери қызметшісін Ауруханаға жатқызу фактісі бойынша

Ұлттық ұланның 10 әскери қызметшісін Ауруханаға жатқызу фактісі бойынша

Әлеуметтік желіде Орал қаласының Облыстық психикалық денсаулық орталығына 10 әскери қызметшіні жатқызу туралы жалған ақпарат таратылуда.

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өтеміз. Қазіргі уақытта Орал қаласының Облыстық психикалық денсаулық орталығында мерзімді қызметтегі бір әскери қызметші жатыр.

2022 жылдың 9 тамызында Ақтөбе облысының ҚІД-нен 2022 жылдың маусым айында Орал қаласындағы 5517 әскери бөліміне шақырылған қатардағы жауынгер Қайрош Арманбек Базаралы Орал қаласының дәрігер-мамандарына қаралуға жіберілді. Содан кейін ол "облыстық психикалық денсаулық орталығына" дәрігерлердің бақылауына "бейімделудің бұзылуы" алдын ала диагнозымен ауруханаға түсті.

"Батыс"ӨңҚ баспасөз қызметі ҚР Ұлттық ұланы