Келісімшарт қызметінің әскери қызметшісінің қаза табу бойынша Ресми ақпарат

Келісімшарт қызметінің әскери қызметшісінің қаза табу бойынша Ресми ақпарат

Ағымдағы жылдың 22 тамызында сағат 15.15-тер шамасында қызметтік міндетін орындау кезінде келісім шарт бойынша әскери қызметші Сабыров Абылай Берікұлы, (2001 жылы туылған) 3650 әскери бөлімінде Алматы қаласында өзіне бекітілген тапаншамен өзін-өзі атып, алған жарақатының нәтижесінде қайтыс болды.

Құқық қорғау органдары қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде. Болған оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы мен "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскери қызметші Абылай Сабыровтың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып  көңіл айтады.

 Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің  201 бабына сәйкес  өзге  де  мәліметтер  тергеу мүддесі үшін жария етілуге жатпайды.

ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» Өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі