Ұлттық ұланының Әскери институты «Ұлттық ұланының Академиясы» болып қайта құрылды

Ұлттық ұланының Әскери институты «Ұлттық ұланының Академиясы» болып қайта құрылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Қаулысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институты «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Академиясы» болып қайта құрылды.

Әскери институттың Академия болып қайта құрылуы әскери және ғылыми-педагогикалық кадрларды, барлық бағыттағы жедел-тактикалық деңгейдегі кәсіби мамандарды дайындаудың тиімділігін арттыруға, қоғамдық қауіпсіздік саласында ғылыми зерттеуді жүргізуге, офицерлер мен ішкі істер органдары және басқа да күштік құрылымдардың  қызметкерлерін қайта даярлауға мүмкіндік береді.

Әскери оқу орнының қолбасшылығы, профессор-оқытушылар құрамы және барлық жеке құрамын жаңа мәртебе берілуімен құттықтаймыз. Жоғары білікті мамандарды оқыту мен даярлау ісінде сәттілік тілейміз.