Теміртауда ұландықтар үй иесіне өрт сөндіруге көмектесті

Теміртауда ұландықтар үй иесіне өрт сөндіруге көмектесті

13 маусымда сағат 18.50-де қаладағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару барысында әскери жасақ автопатрульмен өтіп бара жатып, Тұрмағамбетов көшесінен түтіндеген үйді байқайды.

Әскери жасақтар бойынша кезекші лейтенант Нұрсұлтан Қаратаев қызметтік көлікті лезде тоқтатып, қатардағы жауынгерлер Ержігіт Бұдабаев және Біржан Айнабековпен бірге өрт шыққан жаққа бет алады.

Қожайынмен бірге ұландықтар көліктегі өрт сөндіргішті қолдану арқылы үйді сөндіруге кіріседі. Сөйтіп, шұғыл әрекеттің арқасында өрт дер кезінде сөндірілді.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі