Алматыда ұландықтар есірткі заттары бар адамдарды құрықтады  

Алматыда ұландықтар есірткі заттары бар адамдарды құрықтады   

Оқиға 27 сәуір сағат 22.30-де Ұлттық ұлан 5571 әскери бөлімнің жауынгерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында өрбіген болатын.

Әскери жасақ бастығы қатардағы А. Икрам және патрульшілер қатардағы Н. Тейтназар және Р. Темірғали Айнабұлақ-3 ықшам ауданында күдікті азаматтарды байқайды. Олардың біреуі ағаштың түбінен бір затты алып қалтасына салады. Жетісу ауданының жедел-тергеу тобы тінту мақсатында шақырылып, куәгерлердің қатысуымен есірткі заты тәркіленді.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі