Қарағандыда Ұлттық ұлан сарбаздары дүкен кассасынан ақша ұрлаған адамды қолға түсірді

Қарағандыда Ұлттық ұлан сарбаздары дүкен кассасынан ақша ұрлаған адамды қолға түсірді

27 сәуір күні Қарағандының оңтүстік-шығыс ауданында 5451 әкери бөлімінің сарбаздарына жергілікті тұрғындардың бірі келіп, көмек сұраған.

Әйелдің айтуынша, белгісіз біреу «Азина» дүкенінен кіріп, кассадағы ақшаны алып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әскери наряд басшысы, сержант Ринат Қоңқаев патрульдік қатардағы сарбаз Нұр-Сұлтан Әміржан және ефрейтор Жәнібек Әбішаметпен бірге ұрыны қолға түсіру үшін әйел адам көрсеткен дүкен жаққа бет алады. Арада 20 минут өткен соң жергілікті жерді шолып шыққан Ұлттық ұлан сарбаздары Карбышев көшесінің бойынан көмек сұраған әйел суреттеген адамға ұқсас күдіктіні ұстайды.

Күдікті 1970 жылы туған болып шықты. Алайда ол өзінің істеген әрекетін мойындамай қойған. Осыған байланысты ол полиция бөлімшесіне жеткізіліп, оның дүкеннен ақша ұрлап жатқандағы видеосы көрсетіледі.