Петропавлда ер адам әскерилерге бөтелкемен қоқан-лоққы көрсетті

Петропавлда ер адам әскерилерге бөтелкемен қоқан-лоққы көрсетті

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде Ұлттық ұланның 6637 әскери бөлімінің сарбаздарына ер адам келіп, такси шақыртуын талап етеді.

Өктемдікпен бұйыра сөйлеген азаматқа әскери жасақ бастығы Ұлан Кәрібаев бұл қызметтің міндеттеріне кірмейтінін айтып, таксиді өзі шақыруына кеңес береді. Айтқаны орындала қоймағанына ашуланған адамның оқыс әрекеті ұландықтарды сақтандырғандай болды. Көзді-ашып жұмғанша әлгі адам қолындағы бөтелкесін қоқыс жәшігіне бір ұрып сындырады да, өзінің екі қолын оның сынығымен кескілей бастайды.

Жауынгерлер тыныштандырмақ болғанда ол одан сайын ашуға булығып, әскерилерге бас салады.

Ұландық сарбаздар жекпе-жек тәсілдерін қолдана отырып, қауіпті шабуыл жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған адамды полиция қызметкерлеріне табыстады.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі