Ұлттық ұлан әскери қызметшілері Азия ойындарында екі күміс медаль жеңіп алды

Ұлттық ұлан әскери қызметшілері Азия ойындарында екі күміс медаль жеңіп алды

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 6636 әскери бөлімінің әскери қызметшілері 2026 жылғы ХХ Жазғы Азия ойындары шеңберінде дзюдодан жарыстарға қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Ұлттық ұлан өкілдері екі күміс медаль жеңіп алды.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде майор Елдос Сметов жартылай финалда Азия ойындарының қазіргі чемпионы — Тайбэйден Ян Юнвэймен кездесті. Жекпе-жектің ортасында қазақстандық дзюдошы нәтижелі өнер көрсетіп, "ваза-ари" бағасын алды. Осыдан кейін Сметов жекпе-жектің барысын бақылап, оны жеңіске жеткізіп, финалға шығуды қамтамасыз етті.

Шешуші жекпе-жекте Сметов Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды.

Ефрейтор Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұланның қоржынына тағы бір күміс медаль алып келді. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда қазақстандық спортшы жапондық Мицуки Кондомен кездесті.

Жарыс қорытындысы бойынша 6636 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Халықаралық спорт аренасында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын лайықты көрсете отырып, екі күміс медальға иелік етті.

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі