
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланын жүйелі жаңғырту шеңберінде өңірлердегі автопарктар едәуір жаңартылды. Ақтау, Жаңаөзен, Алматы, Тараз және Түркістан қалаларында жаңа техника кілттерін табыстаудың салтанатты рәсімдері өтті. Бұл материалдық-техникалық базаны нығайтуға, бөлімшелердің мобильдігін арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікті тиімді қамтамасыз етуге бағытталған қадам.
Ақтаудағы Каспий теңізінің жағалауындағы Амфитеатр аумағында "Батыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 6656 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне жаңа қызметтік автомобильдер табысталды. Жеке құрам отандық өндірістегі 15 жаңа автокөліктің кілтін алды.
Сондай-ақ, Жаңаөзенде жергілікті полкқа да 15 жаңа көлік берілді, бұл өңірдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік береді.
Елдің батысында көлік жаңарту бағдарламасы әлі де жалғаспақ: жақын арада Ақтөбе, Атырау және Оралдағы Ұлттық ұлан бөлімшелеріне де жаңа көліктер беріледі.
"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының Алматы, Түркістан және Тараз қалаларындағы әскери бөлімдеріне жалпы саны 150-ден астам заманауи автомобиль берілді.
Нақтырақ айтсақ, жеке құрамды тасымалдау, жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету, су тасымалдау және көлік-шаруашылық, жауынгерлік міндеттерді орындау үшін Алматыға 53, Тараз қаласындағы 5513 әскери бөліміне 21, ал Түркістан қаласында орналасқан 5574 әскери бөліміне 5 техника алынды.
Құқықтық тәртіп әскерінің автопарктарының техникалармен толығуы әскердің жауынгерлік әлеуетін арттырудағы маңызды кезеңі болды. Себебі, бұл ұландықтарға азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді одан әрі жедел орындауға мүмкіндік береді.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі