ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына жаңа қолбасшы тағайындалды

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына жаңа қолбасшы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес генерал-майор Шекарбеков Сәкентай Амантайұлы  ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы болып тағайындалды.

Бұл лауазымға дейін генерал-майор С. Шекарбеков ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы қызметін атқарған.

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі