Ұландықтар самбодан Қазақстан Республикасының Чемпионатында 10 медаль жеңіп алды

Ұландықтар самбодан Қазақстан Республикасының Чемпионатында 10 медаль жеңіп алды

Қарағанды облысында ересектер арасында самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Турнир еліміздің 19 аймағынан 600-ге жуық мықты спортшының басын қосып, маусымның ең ауқымды және бәсекеге қабілетті бастауларының біріне айналды.

Қатысушылар техникалық дайындықтың жоғары деңгейін, асқақ рух пен жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті. Кілемдегі жекпе-жектер қызу және әсерлі күрестермен ерекшеленді. Бұл дода елдің түкпір-түкпірінен жиналған мамандар мен жанкүйерлердің назарын аударды.

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің спорттық және жауынгерлік самбодағы жарқын жеңістері, өздерін сенімді түрде мәлімдеуі — назар аударуға әбден лайық.

 

Әскери қызметшілердің спорттық самбодағы нәтижелері:

58 келіге дейін - III орын: қатардағы Санжар Әли (6655 ә/б)

64 келіге дейін - III орын: қатардағы Нұрсұлтан Нұрсейітов (7552 ә/б)

71 келіге дейін — III орын: қатардағы Махамбет Қонысбай (3660 ә/б)

79 келіге дейін - III орын: қатардағы Тілек Тоқтасынұлы (6636 ә/б)

88 келіге дейін - III орын: қатардағы Азат Қуатов (6655 ә/б)

98 келіге дейін - II орын: ефрейтор Еламан Қойшыбаев (6636 ә/б)

98 келіден жоғары —I орын: қатардағы Болат Сапар (6636 ә/б)

 

Жауынгерлік самбо нәтижелері:

53 келіге дейін - III орын: ефрейтор Жастілек Ахметбеков (6697 ә/б)

58 келіге дейін — I орын: қатардағы Арман Тұрымбетов (6655 ә/б)

64 келіге дейін - III орын: ефрейтор Манабек Әсембай (5518 ә/б)

Жарыс қорытындысы бойынша әскери қызметшілер жалпы 10 медаль жеңіп алды: 2 алтын, 1 күміс, 7 қола.

Чемпионатта сәтті өнер көрсету құқықтық тәртіп әскері жауынгерлерінің дене шынықтыру және кәсіби даярлығының жоғары деңгейін, сондай-ақ олардың республикалық спорт аренасында бәсекеге қабілеттілігін растады.

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі