Ұландық Арман Тұрымбетов әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Ұландық Арман Тұрымбетов әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды

7–10 қараша күндері Қырғызстан астанасы – Бішкек қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан 50-жылдық мерейтойлық әлем чемпионаты өтуде.

Жарысқа әлемнің 70 елінен 650-ден астам спортшы қатысуда. Жарыс бағдарламасына спорттық самбо, жауынгерлік самбо және көру қабілеті шектеулі спортшыларға арналған самбо бойынша 31 медаль жұбы сарапқа салынған.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы Арман Тұрымбетов жеке біріншілікте жоғары дайындық деңгейі мен ерік-жігерін танытып, 58 кг салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, осы жылдың сәуір айында Арман Тұрымбетов жауынгерлік самбодан Азия және Океания чемпионатында күміс жүлдеге ие болған еді.

Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға көтеріліп, самбо спортындағы жетекші державалардың қатарында екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі