
Қостанай қаласында 1–2 қараша күндері әлем чемпионы, полиция майоры Руслан Мұқановтың құрметіне арналған қоян-қолтық ұрыстан XV халықаралық турнир өтті. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінен 220-дан астам спортшы қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланының «Burkit Team» командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.
Турнирдің басты мақсаты — жастарды патриотизмге, спорт пен Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, сондай-ақ өсіп келе жатқан ұрпақты дене шынықтырумен және жекпе-жек спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысуға баулу.
Жарыс сегіз салмақ дәрежесінде өтті. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының әскери қызметшілері өз бөлімдерін абыроймен танытып, бірқатар жүлделерге ие болды.
Жеке біріншіліктің нәтижелері:
Осылайша, ұландықтар тағы да өздерінің жоғары дайындық деңгейін және жеңіске деген ұмтылысын дәлелдеді — бұл спорт ареналарында да, Отанға қызмет етуде де айқын көрініс тапты.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі