
29 қыркүйектен 3 қазанға дейін Қазақстан аумағында Алматы облысында "Кобальт — 2025" шартты атауымен Ұжымдық жедел ден қою күштерінің (ҰҚШҰ) арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің құрамына кіретін Ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдарының, Ішкі әскерлердің (Ұлттық ұланның), арнайы және есірткіге қарсы қызметтердің арнайы бөлімшелерімен, сондай-ақ авариялық-құтқару және өртке қарсы құрылымдармен арнайы оқу-жаттығу өтеді.
Оқу-жаттығудың белсенді кезеңінде ұйымға мүше мемлекеттердің құзыретті органдары арнайы күштерінің жиынтық топтары нақты жағдайға барынша жақын жағдайларда оқу-жаттығу және қолданбалы жедел-жауынгерлік міндеттерді шешетін болады.
Оқу-жаттығудың белсенді кезеңіне және оның қорытындысын шығаруға ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары Валерий Анатольевич Семериков қатысады.
Оқу-жаттығуды бақылаушылар ретінде ТМД, ШЫҰ бейіндік құрылымдарының өкілдері шақырылды.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі