Су апатынан құтқарды

Су апатынан құтқарды

Жол жауапкершілікті талап етеді. Бұл дәлелденген аксиома. Техниканың тізгініне ие болмадың ба, міндетті түрде жол апатына алып келеді.

Жыл сайын темір тұлпар қаншама адамдардың өмірін қиюда. Оған себеп жол жүру ережесін сақтамау мен техниканың істен шығуы. Осындай кезінде дер көмекке келетін жылы жүрек иелерінің болғаны қандай жақсы.

Қарағанды - Абай тас жолында көлігіне бола алмған азаматша 16 жасар қызымен жолдың жанында ағып жатқан өзенге түсіп кетеді. Апат салдарынан көлік өзенге еніп, көлік жүргізуші мен қасындағы жолаушы суға батып кете жаздаған. Қуанышына орай, оқиға орнына Ұлттық ұлан сарбаздары мен Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері уақытылы келіп, көмек қолын созған. Олар адамдарды көліктен шығарып, жылы киімдермен қамтамасыз еткен. Медициналық көмек ешкімге қажет болған жоқ. Апатқа ұшыраған көлік иесі дер кездегі көмегі үшін ұландық сарбаздар мен құтқарушыларға өз алғысын білдірді.