ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілері әкімшілік рәсімдердің практикалық қырларын меңгерді

ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілері әкімшілік рәсімдердің практикалық қырларын меңгерді

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің өкілдерімен кездесу өтті.

Іс-шараға өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің аға прокуроры, 1-сыныпты заңгер Жадыра Әбжапбарова қатысып, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қолданудың практикалық аспектілері» тақырыбында баяндама жасады.

Кездесу барысында әкімшілік рәсімдерге қатысты негізгі мәселелер талқыланды. Оның ішінде:

- жеңілдетілген әкімшілік рәсім;

- әкімшілік акт шығару арқылы жүзеге асатын рәсім.

Жадыра Әбжапбарова жиі жіберілетін рәсімдік қателіктер мен олардың салдарына жеке тоқталды. Сондай-ақ практикалық мысалдарды талдау арқылы әскери қызметшілер алған білімдерін бекітіп, тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік алды.

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылатын осындай іс-шаралар жеке құрамның құқықтық мәдениетін арттырып, ұландықтардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде әкімшілік құқық нормаларын сауатты қолдануына ықпал етеді.

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі