Ұландық сарбаздар ҚР ІІМ-нің самбодан өткен чемпионатында топ жарды

Ұландық сарбаздар ҚР ІІМ-нің самбодан өткен чемпионатында топ жарды

2025 жылғы 31 шілде мен 2 тамыз аралығында Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің XII Спартакиадасы аясында спорттық самбодан жарыстар өтті. Шараны ФСО «Динамо» орталық спорт қоғамы ұйымдастырды. Бүкіл ел бойынша 150-ден астам спортшыдан құралған 25 команда қатысты.

Ұлттық ұлан құрамасы алғаш рет тарихта айқын басымдықпен жеңіске жетіп, жалпыкомандалық есепте 1-орын алды. Олар ІІМ командасын (2-орын) және ФСО «Динамо» командасын (3-орын) артта қалдырды.

Ұлттық ұлан сарбаздарының жекелей нәтижелері:

58 келі  – 1 орын

📍қатардағы жауынгер Әділет Елемесов (5451 әскери бөлім);

64 келі  – 1 орын

📍қатардағы жауынгер Нұрсұлтан Нүрсейітов (6654 әскери бөлім);

71 келі  – 3 орын

📍қатардағы жауынгер Махамбет Қонысбаев (3660 әскери бөлім);

79 келі  – 1 орын

📍 қатардағы жауынгер Тілек Тоқтасынов (5573 әскери бөлім);

88 келі  – 2 орын

📍 қатардағы жауынгер Азат Қуанов (6655 әскери бөлім);

98 келі  – 1 орын

📍 қатардағы жауынгер Еламан Қойшыбаев (6636 әскери бөлім);

+98 келі  – 1 орын

📍қатардағы жауынгер Санжар Жабборов (5573 әскери бөлім).

 

Бұл жеңіс – Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің жоғары физикалық дайындығының, жауынгерлік рухы мен кәсіби шеберлігінің жарқын дәлелі. Олар беделді жарыстарда Ішкі істер министрлігін абыройын асқақтатып жүр.

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі