Елордалық ұландықтар күдікті заты бар әйелді ұстады

Елордалық ұландықтар күдікті заты бар әйелді ұстады

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері полиция органдарымен өзара іс-қимыл шеңберінде елордадағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету міндеттерін тиімді орындауда.

Байқоңыр ауданының көшелерін патрульдеу барысында әскери жасақ бастығы Ерлан Қаржауов пен патрульші Нұрасыл Мұсабеков полиция қызметкерлерімен бірлесіп, күдікті заты бар азаматшаны ұстады.

Оқиға Бараев көшесінде орын алған. Әйел өзінің күмәнді іс-әрекетімен әскерилердің назарын аударғандықтан, олар  құжат тексеру үшін азаматшаны тоқтатады.

Тексеру кезінде күдіктінің қалтасынан жағымсыз иісі бар өсімдік тектес зат пен тамшуын салынған бума табылады. Елордалық 5573 әскери бөлімінің сарбаздары бірден жедел-тергеу тобын шақырады. Азаматшаның айтуынша, ол бұл буманы көшеден тапқан.

Қазіргі уақытта тәркіленген затқа сараптама жүргізіліп жатыр. Талдау қорытындысы бойынша тиісті процестік шешім қабылданатын болады.

Айта кету керек, құқықтық тәртіп әскерінің жауынгерлері ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан қалаларының көшелерінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу шараларын жүзеге асырып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастыруда.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП
#ЗАКОНИПОРЯДОК

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі