ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Спорттық команда даярлау орталығының дене дайындығы және спорт жөніндегі нұсқаушысы, ефрейтор Назым Қызайбай Астанада өткен бокстан Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен шешуші жекпе-жекте отандасымыз үндістандық Минакши Минакшимен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Финалға дейінгі кездесулерде ефрейтор Қызайбай жапондық Хикару Шинохаруны сенімді түрде жеңген болатын.
Назым Қызайбай — Қазақстанның ең атақты спортшыларының бірі. Ол — 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы (2014, 2016, 2025), сондай-ақ 2021 жылғы Азия чемпионы.
Қазақстандық спортшының Әлем кубогындағы жеңісі — кәсіби шеберлігі мен жеңіске деген жігерінің дәлелі. Бұл – өскелең ұрпаққа үлгі болатын ерік-жігер мен отансүйгіштіктің айқын көрінісі.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі