1 шілдеде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының барлық әскери бөлімдерінде жауынгерлік даярлықтың жаңа оқу кезеңінің басталуына орайластырылған іс-шаралар өтті.
Іс-шара Мемлекеттік Туды көтеруден және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды.
Командирлер мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарын өткізу кезінде бөліністердің жеке құрамдарына жауынгерлік даярлық сапасын арттыру, тәртіп пен жауапкершілікті нығайту секілді негізгі басымдықтарды жеткізді. Бұл пән әскери ұжымдардың дайындық деңгейін, әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, жарғылар мен заңнама талаптарын терең зерделеуге бағытталған.
Әскери қызметшілермен сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканы меңгеру, күнделікті міндеттерді орындау кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау, жауынгерлік есептоптардың іс-қимылдарын зерделеу бойынша кешенді сабақтар өткізілді.
Жаңа оқу жылы — бұл жаңа міндеттер мен мақсаттардың бастауы. Әрбір әскери қызметші өзіне жүктелген жауапкершілікті сезініп, Отан алдындағы борышын адал орындауы тиіс.
Жауынгерлік дайындық, тәртіп және бірлік — ұландықтардың басты ұстанымы. Кәсіби деңгейді арттыру және жауынгерлік дайындықты жетілдіру қолбасшылықтың жіті назарында.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі