Астанада сарбаз аналарының ІІ республикалық форумы өтті

Астанада сарбаз аналарының ІІ республикалық форумы өтті

Форумға ҚР Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның, басқа да күш құрылымдарының өкілдері, Парламент депутаттары мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты.

Іс-шара барысында әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту, медициналық қамтамасыз ету, әскери білім беру жүйесін жетілдіру, сондай-ақ армия мен әскери қызметшілердің және әскерге шақырылушылардың отбасылары арасындағы өзара қатынасты нығайту мәселелері талқыланды.

— Біз әскери мемлекеттік құрылымдармен бірлесіп, біршама оң нәтижелерге жеткіздік. Аналар кез-келген уақытта әскери бөлімге келіп, ұлдарын тексере алады, демалыс күндері сарбаздармен сөйлесе алады. Ұзақ уақыт бойы аз-аздан, үздіксіз жақсы көрсеткіштерге ие болдық. Бірлескен әрекет өз жемісі мен нәтижесін берді деп санаймын, - дейді "Аналар жүрегі" сарбаз аналары комитетінің төрайымы Лилия Хайруллина.

Форум қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар дайындалып, уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі