В Шымкенте прошла встреча с участием уполномоченного по этике Комитета внутреннего государственного аудита

В Шымкенте прошла встреча с участием уполномоченного по этике Комитета внутреннего государственного аудита

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары — Әдеп жөніндегі уәкіл Ахметов Ермад Қалидұлы Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары мен негізгі ережелері, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Этикалық стандарттарды сақтау, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және мемлекеттік аудитордың парасатты имиджін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

2024 жылға және ағымдағы жылдың өткен кезеңіне арналған Әдеп жөніндегі уәкілдердің үлгілік жұмыс жоспарын іске асыру нәтижелері туралы Департамент басшысының орынбасары — Әдеп жөніндегі уәкіл Н. Сүлейменов баяндама жасады.

Кездесу іскерлік және сындарлы жағдайда өтті. Департамент қызметкерлері этикалық нормалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы іс жүзінде қолдануға қатысты өзекті сұрақтарға жауап алды.