Ішкі мемлекеттік аудит және бюджеттік саясат туралы: ҚР Президенті жанындағы Академия магистранттарына арналған дәріс

Ішкі мемлекеттік аудит және бюджеттік саясат туралы: ҚР Президенті жанындағы Академия магистранттарына арналған дәріс

ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары Раманхан Турегелдиев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттарына «Мемлекеттік бюджетті тиімді жоспарлау және заңды игеру» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында спикер мемлекеттік бюджетті жоспарлаудың негізгі кезеңдеріне тоқталып, бюджет қаражатын тиімді әрі заңды пайдалану мәселесіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, ол аудит саласындағы практикалық тәжірибесімен бөлісіп, нақты мысалдар арқылы бюджетті орындауда ішкі мемлекеттік аудиттің рөлін түсіндірді.

Кездесу барысында магистранттар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қаржыны тиімді басқару, ашықтық пен есептілік қағидаттары туралы мазмұнды жауаптар алды. Дәріс қорытындысында қатысушылар жоспарлау мен нәтижеге бағытталған бюджеттеу тәсілдері бойынша білімдерін тереңдетіп, кәсіби құзыреттерін арттырды.