Аудиторлық қызметті цифрлық трансформациялау шеңберінде ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Комитет пен «Электрондық қаржы орталығы» АҚ бірлесіп, аумақтық департаменттер үшін «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулінің тәуекелді төлемдер бойынша мониторинг объектілеріне автоматты түрде хабарламалар қалыптастыру және жөнелту функциясына қатысты оқыту сабақтарын ұйымдастырды.
Бұған дейін ОБМ жүйесінен мәліметтер Excel форматында жүктеліп, тәуекел жағдайлары іріктеліп, хабарлама-хаттар DOCUMENTOLOG құжат айналымы жүйесі арқылы жіберілетін. Бұл тәсіл енді өткеннің еншісінде.
Жаңа функция тәуекел белгілері бар қаржылық операциялар бойынша хабарламаларды автоматты түрде қалыптастыруды және жөнелтуді қамтамасыз етеді.
Айта кету керек, әрбір ОБМ хабарламасына мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріне ұқсас аумақтық тиесілігі бар бірегей код беріледі, сондай-ақ хабарламаның жасалуы мен мониторинг объектісіне жіберілуінен бастап орындалуына дейінгі барлық кезеңдер бойынша мәртебесі тіркеледі.
Бұл шешім үлкен деректерді өңдеу және хабарламаларды дайындау уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.
Комитет қашықтықтан мониторинг пен аудиттің цифрлық құралдарын одан әрі дамытуды жалғастырады.