Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Кордай Азатович Бекмурзин Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болып тағайындалды.


Комитет Төрағасы Ержан Тлекұлы Мынжасаров ұжымға жаңа басшыны таныстырып, департамент жұмысының басым бағыттарын атап өтіп, қойылған мақсаттардың сәтті жүзеге асуына тілектестік білдірді.