Ішкі аудит қызметтерінің (ІАҚ) қызметін үйлестіру тәртібімен Ішкі мемлекеттік аудит комитеті 2025 жылғы 11 сәуірде Комитет төрағасының орынбасары Мұрат Оразбайдың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті. Жұмыс кеңесінде қауіпсіздік күштері блогы, ІАҚ аудит материалдарының сапасын бақылаудың негізгі нәтижелері қаралды, сондай-ақ жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың сапасын арттыру мақсатында тиісті ұсынымдар берілді.
Кеңеске ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Ұлттық ұланы ІАҚ- нің өкілдері қатысты.
2024 жылы аталған қызметтердің 98 аудит материалдары Комитеттің сапа бақылаумен қамтылды, оның ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келетіндер – 5, ескертулермен сәйкес келетіндер – 83, стандарттарға сәйкес келмейтіндер – 10.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында сапа бақылаумен 61 аудит материалдары қамтылды, оның ішінде 3 материал стандарттарға сәйкес келмейді.
Объектілерді алдын ала сапасыз зерделеу, тиісті көрсеткіштерге қол жеткізу тұрғысынан олардың қызметін талдауды толық жасамау, сондай-ақ мемлекеттік аудит жүргізу стандарттары мен ережелерінің жекеленген талаптарын сақтамау сияқты мәселелер негізгі проблемалар мен жүйелік кемшіліктер болып табылады.
Сапаны бақылау қорытындыларын ескере отырып, Комитет аудиторлық қызмет нәтижелілігінің сапасын арттыруға, ақпараттық дерекқорларға қолжетімділікті қамтамасыз етуге, Аудит жөніндегі кеңестердің рөлін күшейтуге, тексерумен қамтуды кеңейтуге, сондай-ақ оларды жүргізудің электрондық форматтарын пайдалануға бағытталған ұсынымдар әзірледі және берді.
Сонымен қатар, қылмыстық-құқықтық бағалауға жататын бұзушылыұтар белгілері анықталған жағдайда материалдарды уәкілетті органдарға уақтылы беру қажеттілігіне баса назар аударылды.
Комитет ІАҚ қызметін үйлестіруді, оның ішінде әдіснамалық және консультациялық көмек көрсетуді жалғастыратын болады.