Комитет халықаралық AWS GenAI Day конференциясына қатысты

Комитет халықаралық AWS GenAI Day  конференциясына қатысты

Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің өкілдері AWS (Amazon Web Services) GenAI Day for Government атты халықаралық конференцияға қатысты, ол халықаралық деңгейдегі жетекші мамандар ұсынған жасанды интеллектті қолдану саласындағы озық шешімдерге арналған (бұл шешімдер Орталық және Шығыс Еуропа өңіріндегі шешімдер архитектурасы жөніндегі аға менеджерлер мен консультанттар, сондай-ақ Amazon, Genesys және басқа да халықаралық компаниялардың сарапшылары тарапынан ұсынылды).

Іс-шара барысында қатысушылар бюджет үдерісін қашықтықтан мониторингілеу элементтерін қамтитын IT-шешімдермен және компьютерлік көру технологияларын қолдану арқылы қызметті жаңғыртуға бағытталған әлемдік компаниялардың тәсілдерімен танысты.

Іс-шара аясында зерделенген кейбір тәсілдер, Комитет қызметінде қолданылатын электрондық аудит құралдарын дамыту шеңберінде қолдану мүмкіндігі тұрғысынан қарастырылатын болады.