
Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (ІМАК) бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдардың (БКСҰ) қызметінде заң талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Бұл ретте бақылау жұмыстары алдын алу сипатында, яғни профилактикалық бақылау ретінде жүргізілетінін атап өткен жөн. Процедуралар ҚР Кәсіпкерлік кодексімен реттеледі.
Қазіргі уақытта елімізде 20 БКСҰ тіркелген.
Көбінесе бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар тарапынан келесі кемшіліктер анықталған:
Сондай-ақ, кейбір БКСҰ біліктілікке үміткерлердің жеке істерін талапқа сай жүргізбей, тиісті түрде сақтамаған. Кей жағдайларда емтихандардың бейнетіркеуі, сондай-ақ бейнематериалдарды жазу және сақтау құралдары болмаған. Емтихандарға тәуелсіз бақылаушылардың қатысуы сирек кездескен.
Комитет БКСҰ-ға нормативтік талаптардың сақталуын бақылауды күшейту және сертификаттау процесін ұйымдастыруды жақсарту қажеттілігіне байланысты ұсынымдар мен нұсқаулармен нұсқама жолдады.
Осы орайда «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңының 1-бабында кәсіби бухгалтер – кәсіби ұйымның мүшесі болып саналатын, тиісті сертификаты бар (кәсіби бухгалтер) жеке тұлға екені белгіленген.
Осыған байланысты ІМАК үміткерлерге кәсіби бухгалтердің біліктілік құжатын алғаннан кейін Қазақстан аумағында жұмыс істейтін бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарына мүшелікке кіруді ұсынады.