Қостанай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының қатысуымен Қостанай облысы бойынша орынбасары Жасұлан Молдағалиевтің брифинг өтті. Іс-шара барысында ол Департаменттің 2024 жылғы жұмыс қорытындыларын ұсынып, Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамадағы жаңашылдықтар туралы айтты.
2024 жылы Департамент 112 аудиторлық іс-шара өткізді, олардың нәтижесінде жалпы сомасы 21,76 млрд теңгеге бюджет заңнамасын бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде:
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша бюджетке қайтарылуға тиіс қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан 4,28 млрд теңге қалпына келтірілді және өтелді. 78 нұсқама беріліп, барлығы толық көлемде орындалды. 93 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын камералдық бақылау шеңберінде жалпы сомасы 39,03 млрд теңгеге 1 918 хабарлама жіберілді, оның ішінде 29,10 млрд теңгеге 1 846 хабарлама орындалды.
«Е-Өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасының деректері бойынша 2024 жылы 1 431 өтініш келіп түсті, оның 1 384-і орындалды, ал 57-сі басқа органдарға жіберілді. Өтініштердің негізгі бөлігі (1 178 өтінім) мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысты болды.
Брифинг соңында Жасұлан Молдағалиев 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамадағы негізгі өзгерістерді таныстырды. Жаңашылдықтардың қатарында:
Журналистер өздерін қызықтырған сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды, оларға спикер толық жауап берді. Брифингтің толық бейнежазбасын Қостанай облысының РСК YouTube арнасынан мына сілтеме арқылы көруге болады: https://www.youtube.com/live/_0sQhk9UC7w.