Берік Нәжімиденов Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Берік Нәжімиденов Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Нәжімиденов Берік Төлеутайұлы ҚР Қаржы министрі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Берік Нәжімиденов 1979 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Экономика және әлеуметтік саладағы менеджмент» және «Заңгер» мамандықтары бойынша, Қаржы академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша тамамдаған. «АССА» (Certificate in International Public Sector Accounting Standards) сараптамасы бойынша Халықаралық мемлекеттік аудитор сертификатына ие.

Еңбек жолын 2000 жылы бастаған. Әр жылдары Павлодар облысы бойынша Қаржы инспекциясының бас маманы,  бөлім басшысы, басшының орынбасары, Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы,  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Талдау, жоспарлау және бақылау шараларының есептілігі  басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.

Төраға болып тағайындалғанға дейін 2016 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит  комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. Қаржы қызметінің үздігі.