Қостанай облысы ІМАД басшысының орынбасары Альмира Жаркеева және бас маман-заңгер Танат Смаилов «Қаржы саласындағы жиі әкімшілік құқық бұзушылықтар, олардың себептері мен шарттары» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шара құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелерін талқылау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар қаржы саласында жиі кездесетін әкімшілік құқық бұзушылықтардың негізгі түрлерін қарастырып, олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды талқылады. Ерекше назар Қазақстан Республикасындағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнаманың сақталуы мәселелеріне аударылды.
Жаркеева Альмира Жорылқасынқызы мен Смаилов Танат Топышұлы өз баяндамаларында мемлекеттік сатып алу барысында мемлекеттік қызметшілердің жіберетін типтік қателіктерін егжей-тегжейлі талдап берді. Олар сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерге нормативтік құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында семинарлар мен кеңестерді уақтылы және сапалы өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Қорытындысы бойынша барлық мемлекеттік қызметшілер үшін Қазақстан Республикасындағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнаманың сақталуы саласындағы олардың хабардарлығын және құзыреттілігін арттыруға бағытталған тұрақты семинар-кеңестер өткізу туралы ұсыныстар берілді. Бұл іс-шаралар құқық бұзушылықтардың санын азайтуға және мемлекеттік қаражатты неғұрлым тиімді және ашық пайдалануға ықпал ететін болады.