Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі басшылығының халықпен кездесу кестесіне сәйкес бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасы Ержан Тілекұлы Мыңжасаровтың Атырау облысы халқымен онлайн кездесу өткізді.
Кездесудің басты тақырыбы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің қызметі бойынша өзекті мәселелер».
Онлайн кездесуде жеке кәсіпкерлер, жергілікті атқарушы органдардардың және заңды тұлғалардың өкілдері қатысты.
Кездесуге азаматтар белсене қатысып, қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу саласы бойынша өз сұрақтарын қойды. Қойылған сұрақтарға комитет Төрағасы нақты және толыққанды жауаптар берді.