Шымкент қаласы тұрғындарымен онлайн-кездесу

Шымкент қаласы тұрғындарымен онлайн-кездесу

Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Тілекұлы Мыңжасаров Шымкент қаласының тұрғындарымен онлайн-кездесу өткізді.

Кездесу барысындағы талқылаудың негізгі тақырыбы комитеттің ағымдағы жұмыс және мемлекеттік сатып алу және аудит жүргізу тәртібін қамтыды. Азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдері белсене қатысып, өз сұрақтарына толық жауап ала алды.

Осындай халықпен кездесулерді комитет мемлекеттік органдардың қызметінде ашықтық пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде өткізеді. Кездесуге қатысушылар өз сұрақтарына жауап алып қана қоймай, шешім қабылдау процесіне және мемлекеттік саясатты жақсартуға қалай әсер етуі мүмкін екендігі туралы ақпараттандырылды.

Кездесу барысында қойылған сұрақтар тізімі:

  1. Мемлекеттік сатып алу саласындағы электрондық депозитарийде әлеуетті өнім берушінің мәліметтерінің қайталануы фактісі анықталған жағдайда не істеу керек?

Жауап: Растайтын құжаттармен аумақтық ІМАД-не жүгіну керек. Электрондық депозитарийде қамтылған әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде «Расталды» мәртебесі бар мәліметтерді бұғаттауды жалған мәліметтер ұсынылғаны анықталған жағдайларда уәкілетті орган жүзеге асырады.

 

  1. Кейбір жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы айналып өтіп, бір көзден алу тәсілін қолданып, заңсыз шарттар жасасады. Бұл мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындылығы қағидатын бұзады. Мұндай фактілерге қалай қарайсыз?

Жауап: Мұндай фактілер анықталған жағдайда Департаментпен камералдық бақылау жүргізіледі, ал келісім шартқа тұрған болса жоспардан тыс аудиторлық тексеру жүргізіледі, сондай-ақ ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік шара қарастырылады.

 

  1. Шымкент қаласы, Қонаев даңғылындағы жол құрылыс жұмыстары бірнеше жылдан бері аяқталмай келеді. Осы орайда, Д.Қонаев даңғылындағы жол құрылыс жұмыстарына бөлінген қаржы өз мақсатында жұмсалды ма?

Жауап: 2022 жылы Департамент тарапынан жүргізілген аудиттің нәтижесінде Шымкент қаласы, Д.Қонаев даңғылының жол құрылыс жұмыстары 5-кезегі бойынша 750,0 млн. теңге сомасында жұмыстардың орындалмағаны анықталған. Аталған мәселе бойынша материалдар Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментіне жолданған. Аудит материалдары негізінде Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына қылмыстық іс қозғалған. Департамент тарапынан Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жолданып, 750,0 млн. теңге сомасы мемлекет пайдасына өндірілген.

 

  1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы жарияланған тауарлардың техникалық ерекшелігінде ұлттық және мемлекетаралық стандарттар қойылмай жариялануы жиі кездеседі. Осыған қандай шаралар қабылданып жатыр?

Жауап: Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы құны 2 млн теңгеге дейінгі жарияланған тауарлар камералдық бақылауға түспейді. Арыз түскен жағдайда электронды аудит жүргізіліп, ұйымдастырушының жауапты тұлғасына тәртіптік шара қолданылады.

 

  1. Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының ШЖҚ «Таза қала» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны 650,0 млн. теңге сомасындағы мүліктік кешенді жекешендірілу арқылы 2,0 млн. теңгеге заңсыз сатылғандығы бойынша не айтар едіңіз?

Жауап: 2023 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан жүргізілген тексерудің нәтижесінде Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының ШЖҚ «Таза қала» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны коммуналдық мүлік бойынша жергілікті атқарушы органы тарапынан электронды сауда-саттықтық арқылы заңсыз сатылғандығы анықталған. Аталған мәселе бойынша материалдар Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданған. Департамент тарапынан Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жолданып, мүліктік кешен 2023 жылы мемлекетке қайтарылған.

 

  1. Аудит нәтижелерімен келіспеген жағдайда, аудит обьектісі қарсылықты қашан және қайда беруге тиіс.

Жауап: «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік аудит объектісі қарсылықты:

- қол қойылған аудиторлық есеп және (немесе) қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде;

- камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде апелляциялық комиссияға береді.

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына сәйкес, аудит обьектісінен түскен қарсылықтарды қарауға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің апелляция Департаменті жауапты болып табылады.

 

  1. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган қандай негізде жоспардан тыс аудит жүргізеді?

Жауап: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жоспардан тыс аудитті:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша;

2) техникалық-экономикалық негіздемені, қаржылық-экономикалық негіздемені және бюджеттік инвестициялардың сметалық құнын түзетуге байланысты мәселелер бойынша;

3) тәуекелдерді басқару жүйесі пайдаланыла отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелері деректерінің мониторингі нәтижелері бойынша;

4) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша, оларда жазылған мәселелер бойынша ғана жүргізеді.

 

  1. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аудиторлық іс-шараларды жүргізуге сарапшыларды тартуға құқығы бар ма?

Жауап: «Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы N 392 бұйрығының 59-62 тармағына сәйкес:

Ведомство және оның аумақтық бөлімшелері өкілеттіктері шегінде өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында тиісті сарапшыларды мемлекеттік аудит тобының құрамына енгізу арқылы тартады.

Сапалы аудиторлық іс-шараны қамтамасыз ету және арнайы білімді талап ететін мемлекеттік аудит мәселелері бойынша тәуелсіз сараптама қорытындыларымен мемлекеттік аудит нәтижелерін растау сарапшыларды тартудың мақсаты болып табылады.

Сарапшыларды тарту қажеттілігі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру кезінде айқындалады.

Тиісті шарттар жасасу арқылы сарапшылардың қызметтерін сатып алу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы мен мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.