МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС

Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік сатып алу саласындағы өзгерістер мен өзекті мәселелерге қатысты семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске облыстық басқармалардың қызметкерлері, сондай-ақ қала және аудан әкімдіктеріне бағынысты мекемелердің мемлекеттік сатып алуларына жауапты мамандары қатысты.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің орынбасары Талғат Абенов және камералдық бақылау бөлімінің басшысы Сәдір Ержанұлы мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдеріне, сондай-ақ қолданыстағы мемлекеттік сатып алу заңдылығына енгізілген жаңа нормаларға түсіндірме жүргізіп, басқа да өзекті мәселелер тақырыбында хабарлама жасап, қатысушылар тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауаптар берілді.