Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 2023 жылы атқарылған жұмыстарын қорытындылады

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 2023 жылы атқарылған жұмыстарын қорытындылады

Өз сөзінде Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Ербол Күзембаев аудиторлық қызметтің негізгі көрсеткіштерін атап өтті. Ол департамент жалпы сомасы 43 млрд.452,9 млн. теңгені құрайтын 108 аудиторлық іс-шаралардың өткізілгенін атап өтті. Аудит нәтижесінде жалпы сомасы 39 млрд. 236,4 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды, бұл ретте қаржылық бұзушылықтардың үлесі 71,3% -. құрады. Түрлі шаралармен жалпы сомасы 30 млрд. 835,4 млн. теңгеге бұзушылықтар жойылды. Сондай-ақ бұзушылықтарды жою және лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту үшін 95 нұсқама жіберілгені туралы баяндады.

Аудит объектілерінің 272 лауазымды адамына және әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген 18 заңды тұлғаға қатысты 60 184,9 млн.теңге сомасына айыппұл салумен әкімшілік құқық бұзушылық туралы 532 хаттама жасалды, қазіргі уақытта бюджет кірісіне толық өтелгенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, басшы бюджет қаражатын ұрлау және қаражатты заңсыз аудару фактілері бойынша аудиттің 12 материалы құқықтық бағалау үшін Қызылорда облысының прокуратурасына жіберілгенін атап өтті. Сеніп тапсырылған мүлікті иемденуге немесе ысырап етуге және алаяқтыққа қатысты қылмыстық істер қозғалғандығын және сотқа дейінгі тиісті тергеулер жүргізілуде екендігін айтты.

2023 жылғы камералдық бақылау көрсеткіштері Департаменттің жалпы сомасы 703 млрд. 434,7 млн. теңгеге 20 971 Мемлекеттік сатып алу лотына камералдық бақылау жүргізгенін көрсетті. 2 239 Лотта жалпы сомасы 53 млрд.833,3 млн. теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтар анықталды, бұл тексерілген лоттардың жалпы санының 10,7% -. құрайтындығын айта кетті.

Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік сатып алу және жалақы және құрылыс саласындағы заңнаманы бұзу жөніндегі өтініштері 2023 жылы 2 713 өтінішті құрады, оның 2 608-і толық қаралып, 105-і құзыреті бойынша басқа органдарға жіберілгендігін атап өтті.