Жетісу облысы бойынша білім беру мекемелерінде анықталған қаржылық бұзушылықтар

Жетісу облысы бойынша білім беру мекемелерінде анықталған қаржылық бұзушылықтар

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік департаменті басшысының орынбасары Қуаныш Сағымбаев Жетісу облысының білім басқармасының және құқық қорғау өкілдерінің қатысумен  «Білім беру мекемелерінде қаржылық қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал ететін жағдайларды жою» тақырыбында ұйымдастырылған семинар кеңеске қатысып, 2023 жылғы Жетісу облысының білім беру объектілерінің аудиторлық тексеру қорытындылары бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтар мәселесі жайында баяндама жасады.

Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан Білім саласы бойынша 2022-2023 жылдары 52 аудиторлық іс-шара жүргізілді, аудитпен жалпы сомасы 1 970 761,5 мың теңге қамтылып, 1 220 559,6 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар және 223 442,8 мың теңгеге  рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.  

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша жалпы сомасы 814 573,6 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: бюджетке өтеуге жататын 793 643,2 мың теңге. Негізінен өтеуге жататын бұзушылықтар, қызметкерлерге негізсіз қаражат  аудару бойынша, сондай-ақ үшінші тұлғалардың банктік шоттарына бюджет қаражатын аударудан туындаған.

Бүгінгі күнге бюджетке өтеуге жататын 793 643,2 мың теңгенің  651 442,1 мың теңгесі бюджет кірісіне өндірілді.

Осы бұзушылықтарға жол берілгені үшін 20 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 2 лауазымды тұлға атқарып оырған лауазымдарынан босатылды.

Қазіргі таңда Жетісу облысының прокуратурасына берілген 10 аудит материалдары бойынша 10 қылмыстық іс қозғалды.

Бұдан бөлек Білім саласы бойынша 2022-2023 жылдары 42 лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 4 лауазымды тұлға атқарып отырған лауазымдарынан босатылды және 26 лауазымды тұлға жалпы сомасы 7 725,6 мың теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жиын соңында, аталған бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында білім саласының есепшілеріне бюджеттен бөлінген қаражатты тиімді пайдалануды, өзідеріне тапсырылған міндеттемелерін кіршіксіз таза орындауларын және бюджет қаражатын шығыстағанда Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарын қатаң сақтау туралы ескертілді.