Ақмола облысының тұрғындарымен онлайн-кездесу

Ақмола облысының тұрғындарымен онлайн-кездесу

Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Тілекұлы Мыңжасаров Ақмола облысы тұрғындарымен онлайн-кездесу өткізді.

Кездесудің басты тақырыбы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің қызметі бойынша өзекті мәселелері».

Кездесуде Ақмола облысы тұрғындары мен заңды тұлғалардың өкілдері қатысты. Азаматтар кездесуге белсене қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде ішкі мемлекеттік аудит комитеті Қазақстан Республикасы Заңнамалық нормаларын іске асыру және мемлекеттік сатып алу мен мемлекеттік аудитті жүргізу тәртібін түсіндіру мақсатында тұрақты түрде халықпен кездесулер өткізеді.