Маңғыстау облысының бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен есептік кездесу

Маңғыстау облысының бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен есептік кездесу

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті  Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік сатып алу туралы» және «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңдары талаптарын сақтау бойынша Маңғыстау облысының мемелекеттік  және квазимемлекеттік сектор өкілдерімен  кездесу өткізді.

Кездесуге қатысушыларға мемлекеттік сатып алу және камералдық бақылау қағидалары түсіндірілді.

Сонымен қатар, қатысушыларға конкурс өткізу барысында заңнамада көрсетілген талаптардың қатаң сақталуы керектігі ескертілді.

Кездесу барысында қойылған барлық сұрақтарға заң шеңберінде толықтай жауап берілді.