Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті өкілдерінің жұмыс барысындағы кездесулері

Павлодар облысы бойынша ішкі  мемлекеттік аудит департаменті өкілдерінің жұмыс барысындағы кездесулері

Ағымдағы жылдың қазан және қараша айларында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті өкілдерімен және Павлодар облысы өңірлерінің бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен жұмыс барысындағы кездесулері өткізілді.

Кездесу тақырыбы: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамадағы өзгерістерді түсіндіру".

Іс-шарада спикерлері: Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің басшысы Асхат Қайыркенұлы Жансейітов және қызметті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Айгүл Бекболатқызы Ғұмарова.

Кездесулер барысында заңнамадағы өзгерістер, мемлекеттік сатып алуды өткізу тәртібі және мемлекеттік аудит бойынша түсініктемелер берілді. Қатысушылар сұрақтарына толықтай жауаптарын алып,  мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтардың алдын алу сынды ұсыныстары тыңдалды.