«Заңнамадағы новеллалар»

«Заңнамадағы новеллалар»

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысының міндетін атқарушысы Қ.А. Бекмурзинмен «Мемлекеттік сатып алу туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын түсіндіру мақсатында облыстық басқармалар мен департаменттердің басшыларына, аудан және Қонаев қаласының әкімдеріне семинар өткізілді.

Спикерші әлеуетті өнім берушіге ұсынылатын өнімнің нақты сипаттамаларын беру туралы талапты енгізу, әлеуетті өнім берушіге өнімді жиынтық ретінде сатып алу кезінде әрбір құрамдас өнім туралы ақпаратты техникалық ерекшелікте жеке көрсету талабын енгізу туралы заңға өзгерістер енгізілгені туралы хабарлады.

Сонымен қатар, шақырылғандарға меритократия және бюрократиясыздандыру қағидаттарын одан әрі іске асыруды көздейтін мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген жаңалықтар туралы хабардар етілді.

Мұндай іс-шаралардың маңыздылығын және қызығушылықты ескере отырып, диалог алаңына қатысушылар семинардың уақытылы өткенін атап өтті.  

Сондай-ақ тақырыптық кездесулерді тұрақты түрде өткізу туралы ұсыныс айтылды.