Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшы лауазымына Зәуреш Қапарова тағайындалды. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит Комитетінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық және бағалау қызметі саласындағы үйлестіру басқармасының басшысы қызметін атқарған.