
Техникалық оқу барысында, мемлекеттік аудиторлар және ассистенттерімен мемлекеттік аудит жүргізу кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау Стандарттарын сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар, бірінші деңгейдегі сапа бақылауының қорытындыларында көрсетілген ескертулерді болдырмау мақсатында бұзушылықтар мен кемшіліктер туралы нұсқамалар беріліп, мемлекеттік аудиторлардың біліктіліктерін үздіксіз, дәйекті өсуін қамтамасыз ету және аудиторлық іс-шаралардың сапасын жақсарту үшін, сапаны бақылау басқармасы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнама талаптарын түсіндіру бөлігінде жұмыстарды жалғастырады.
Сондай-ақ, сапаны бақылау басқармасымен қаржылық есептілік аудитінің типтік бағдарламасын әзірлеуді және осы блоктын барлық мемлекеттік аудиторларымен тәжірибеде пайдалануды, қаржылық есептілік аудитінің рәсімдік Стандартына тиісті өзгерістер енгізу ұсынылды.