Азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында 2023 жылғы 26 мамырда облыстар бойынша Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаменттері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп "Халық заңгері" республикалық кең ауқымды акциясын өткізді. Мемлекеттік органдардың өкілдері жалпы республикалық акцияға белсенді қатысып, халыққа қажетті кеңес берді.