«Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде анықталған бұзушылықтар

«Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде анықталған бұзушылықтар

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекетті аудит департаментімен Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бюджеттен бөлінген қаражаттарының пайдалануының Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларының сақталуына жоспардан тыс аудиторлық іс-шара жүргізілді.

Аудиторлық іс-шара барысында 11.03.2022 жылы №2 мемлекеттік сатып алу келісім шартының 1.1 тармағында 1-қосымшасы негізінде тауарлық-жүк құжатты, шот-фактура негізінде төленеді деп көрсетілген және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсанындағы №95-IV Бюджет Кодексінің 97 бабының 6 тармағы және Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы №540 бұйрығы 168 тармағының «Шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының әрбiр коды бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан артық емес мөлшерде шығыстардың экономикалық сыныптамасының мынадай ерекшелiктерi бойынша жол берiледi»  178 тармағының  «Шығыстардың экономикалық сыныптамасының «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігі үшін аванстық (алдын ала) төлемге рұқсат етілмейді» талаптары сақталмай, 216 664,8 мың теңге сомасында қалпына келтірілетін қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Анықталған бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» № 540 бұйрығының 168 тармағы мен Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V ҚРЗ Заңының талаптарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда, аудит объектісіне анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жолданып, жалпы 216 664,8 мың теңге сомасындағы қаржылық бұзушылықтар толық қалпына келтірілді.