Жүйелі тәсіл ірі бұзушылықтарды анықтауға дәнекерледі

Жүйелі тәсіл ірі бұзушылықтарды анықтауға дәнекерледі

Абай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі-Департамент) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен зерделеуге жолданған 2022 қаржылық  жыл соңында тапсырыс берушілермен жүргізілген тәуекелдік төлемдер шеңберінде зерделеумен расталғандықтан  "Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінде аудиторлық іс-шара тағайындалды.

Аудит қорытындысы бойынша, ден қою шараларын қабылдауға жолданған 2022 жылдың аяғында жалпы сомасы 955,0 млн.теңгеге жүргізілген аударымдарының 8 жағдайы бойынша,  6 жағдай бойынша тәуекелдер 556,3 млн.теңге сомасына расталды, бұл аударылған қаражаттың жалпы сомасының 58,2%-ын құрайды.

Бұл ретте, расталған тәуекелдер 507,8 млн. теңге сомасына орындалмаған жұмыстар көлемі үшін мердігерлерге қаражатты негізсіз аударуды қамтиды, фактілер келесі объектілер бойынша анықталды: Семей қаласының Мелькомбинат көшесіндегі тұрғын үйлерге жылу желілерін ағымдағы жөндеу 34,8 млн. теңге сомасына, Семей қаласының "Теплокоммунэнерго" МКК қазандықтарын қайта жаңарту, "Центр" қазандығы 11,8 млн. теңге сомасына және "Габбасова" қазандығы 461,2 млн. теңге сомасына.

Сондай-ақ, тәуекелдер орындалған жұмыстар актісіне орнатусыз және монтаждаусыз құрылыс материалдары мен жабдықтарды енгізу фактісі бойынша 48,5 млн.теңге сомасына расталды, бұл обьектідегі атқарылған жұмыстардың технологиялық реттілігінің сақталмауына әкеліп соқты. Бұзушылық келесі объектілер бойынша анықталды: Семей қаласының Березовский кентінің су құбыры желілерінің құрылысы 26,3 млн.теңге сомасына, Семей қаласының "Теплокоммунэнерго" МКК "Центр" қазандығын қайта жаңарту 22,2 млн. теңге сомасына.

Осылайша, жүйелі тәсілді қолдану Департаментке бұзушылықтарды уақытылы анықтауға ықпалын тигізді. Бұзушлықтарды жою бағытында, аудит қорытындысы бойынша аудит объектісіне бұзушылықтарды жоюға енгізілген нұсқаманы орындауды қамтамасыз ету арқылы мониторинг жүргізіледі. Нұсқама орындалмаған жағдайда, ары қарай ықпал ету шаралары жүзеге асырылады, оның ішінде процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жіберу шаралары да көзделген.