«Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде анықталған бұзушылықтар

«Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде анықталған бұзушылықтар

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекетті аудит департаментімен Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінде «Artsport» жобасын іске асыруға бөлінген ақша қаражатының жұмсалуына аудиторлық іс-шаралар жүргізілді. Аудиторлық іс-шараның нәтижесі бойынша  жалпы, 10 966,0 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда:

1) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы  95-IV «Бюджет кодексінің» 97 бабының 6 тармағының талаптары және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 27.04.2021 жылғы  №121 бұйрығының талаптары сақталмай, 2021-2022 жылдары басқа облыстардың, қалалалардың, аудандардың білім мекемелерінде тіркелген 166 балаға және ЖСН нөмірлері сәйкес келмейтін 80 балаға жалпы 9 343,6 мың теңге бюджет қаражаты төленген. Оның ішінде 2021 жылы 2 934,4 мың теңге, 2022 жылы 6 409,2 мың теңге.

2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 27.04.2021 жылғы №121 бұйрығының талаптары сақталмай, Өнім берушілер Artsport» ақпараттық жүйеcі арқылы мемлекеттік тапсырыстың орындалуы туралы тапсырған электрондық есептерінде спорт секцияларына қатыспаған балалардың деректерін енгізгендігі анықталды.

Нәтижесінде, Өнім беруші – Жеке кәсіпкер «Нарбаев Б.О»-қа «Дзюдо» және «Бокс» спорт секцияларына қатыспаған балалар үшін, мемлекеттік тапсырыстың орындалуы туралы тапсырған электрондық есептеріне негізінде есептеліп, төленген бюджет қаражаты көлемі 665,0 мың теңгені (оның ішінде 2021 жылы 410,2 мың теңге, 2022 жылы 254,8 мың теңге) құраған.

Өнім беруші – «Хан Назар-2021» ЖШС-не 2022 жылы «Дойбы» және «Шахмат» спорт секцияларына қатыспаған балалар үшін, мемлекеттік тапсырыстың орындалуы туралы тапсырған электрондық есептеріне негізінде есептеліп, төленген бюджет қаражаты көлемі 702,4 мың теңгені құраған.

Түркістан қаласындағы Өнім берушілерге спорт секцияларына қатыспаған балалар үшін, мемлекеттік тапсырыстың орындалуы туралы тапсырған электрондық есептеріне негізінде есептеліп, төленген бюджет қаражаты көлемі 242,5 мың теңгені құраған.

Оның ішінде: «Жеке кәсіпкер «Орда»-ке «Баскетбол» спорт секциясы бойынша 2022 жылы төленген бюджет қаражатының көлемі 81,6 мың теңгені, «Жеке кәсіпкер «Мансуров Р.М.»-ке «Шахмат» және «Таеквондо спорт бойынша 2022 жылы төленген бюджет қаражатының көлемі 77,8 мың теңгені, «Жеке кәсіпкер «Айдарбекова Эльмира Еркиновна»-ның «Шахмат» спорт секциясы бойынша 2022 жылы төленген бюджет қаражатының көлемі 28,1 мың теңгені және Жеке кәсіпкер «Мансурова П.А.»-ға «Бокс» және «Грек-рим күресі» спорт секциясы бойынша 2022 жылы төленген бюджет қаражатының көлемі 55,0 мың теңгені құраған.

Қазіргі таңда, аудит объектісіне анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жолданып, жалпы 10 966,0 мың теңге сомасындағы қаржылық бұзушылықтар бюджетке өтелу жұмыстары жүргізілуде.