Электрондық мемлекеттік аудит - ақпараттық технологияларды қолдану арқылы қашықтықтан жүзеге асырылатын мемлекеттік аудит. Электрондық ішкі мемлекеттік аудит қағидалары алғаш 2018 жылдың 28 наурыз айында Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің № 413-ші бұйрығымен бекітілген.
Ақпараттық технологияларды қолдану аудиторлық іс шара мерзімдерін қысқартуға және аудиторлық тексерулерге шығу шығындарын төмендетуге береді. Бұл еңбек ресурстарының ұтымдылығын және өнімділігін арттыруды көрсетеді.
Электрондық Ішкі мемлекеттік аудит электрондық құжаттар пайдаланылған жағдайларда ғана жүргізіледі.
Электрондық мемлекеттік аудит қазіргі заманғы тәсілдерді қолдану арқылы мемлекеттік аудит саласындағы қызметті жетілдірудің бір бөлігі болып табылады. Осыған сүйене отырып, тұтастай алғанда мемлекеттік органдар қызметінің неғұрлым нәтижелілігін қамтамасыз ету үшін сапалы, үздіксіз, жедел, өзекті аудит жүргізу бөлігінде оң нәтиже күтілуде.
Департаментпен салықтың осы түрін төлеуші ретінде тіркелмеген өнім берушілерге ҚҚС салығы бойынша міндеттемелерді негізсіз қабылдау бойынша 2,5 млн. теңгеден астам сомаға қаржылық бұзушылықтар, сонымен қатар 7,5 млн. тенге сомасындағы мемлекеттік сатып алудың рәсімдіқ бұзушылықтары электрондық форматта жүзеге асқан 6 мемлекеттік аудит шарасында анықталды.
Электрондық мемлекеттік аудиттердің қорытындысы бойынша бюджетке 2,5 млн теңге өтелді. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын бұзғаны үшін 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы, аудитті электрондық форматта жүргізу еңбек ресурстарын үнемдеуді қамтамасыз етті, аудит объектісі орналасқан жерге дейін сапарға кететін уақыт шығындары, іссапар шығыстары бойынша бюджет қаражатын үнемдеу қамтамасыз етілді және ең бастысы аудит объектісімен тікелей байланысты болдырмауға мүмкіндік берді, бұл аудитпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.