Мемлекеттік сатып алу заңнамасы бойынша жиі кездесетін бұзушылықтар

Мемлекеттік сатып алу заңнамасы бойынша жиі кездесетін бұзушылықтар

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (ары қарай-Департамент) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігіне және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жыл сайынғы аудит жүргізуді, республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының пайдаланылуына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет туралы заңнамаларының сақталуына сәйкестік аудитін жүзеге асырады, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне камералдық бақылау жүргізеді.

Департамент Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №598 бұйрығына сәйкес мемлекттік сатып алуларға камералдық бақылауды жүзеге асырады.

Камералдық бақылау жүргізудің мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.

Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алудың тәуекел бейіндері мен заңды және жеке тұлғалардың арыз-шағымдары негізінде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу веб-порталының мәліметтеріне сүйенсек, мемлекеттік сатып алулар бойынша Департаментке заңды және жеке тұлғалардан арыз-шағым түсіп қанағаттандырылған және/немесе ішінара қанағаттандырылған арыз-шағымдардың негізінде, заң талаптарын бұзып мемлекеттік сатып алудың заңсыз жеңімпазын айқындау фактілері анықталып хабарламалар жіберіледі.

Жіберілген хабарламалардың нәтижесінде мемлекеттік сатып алудың қорытынды туралы хаттамасы қайта шығарылады, яғни мемлекеттік сатып алудың заң аясында жеңімпазды анықтайды.

Хабарламаны орындамаған немесе тиісті деңгейде орындамаған мекемелердің шығыс операциялары тоқтатылып, бірінші басшыға айыппұл салынады.

Заң бұзушылыққа жол беру өз кезегінде бюджет қаражатының уақытылы әрі тиімді игерілмеуімен қатар, бюджет қаражатының үнемделмеуіне, мемлекеттік бағдарламалардың, орталық аппарат пен өңір басшысының тапсырмаларының уақытылы орындалмауына кері әсерін тигізеді.

Бұдан басқа, мемлекеттік сатып алу бойынша баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен мемлекеттік сатып алуға өтінім беретін мемлекеттік аудит объектілерінде жіберетін қателіктердің көптігі, атап айтқанда, техникалық ерекшелікте қазақ-орыс тілдерінде сипаттама және қажетті функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын көрсетпеу, және ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге арналған мемлекетаралық стандарттарды көрсетпеу, жағдайлары және әлеуетті өнім берушілерге қойылатын кез келген сандық өлшенбейтін және әкімшілендірілмейтін талаптарды белгілеуге қатысты жағдайлар жиі кездеседі.