Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Д.М. Кеңбейілдің, ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитет төрағасының орынбасары Р.Қ.Ахметовтың, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаментінің директоры М.Б. Әділхановтың қатысуымен «Мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі жаңашылдықтар» тақырыбында брифинг өтті

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Д.М. Кеңбейілдің, ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитет төрағасының орынбасары Р.Қ.Ахметовтың, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаментінің директоры М.Б. Әділхановтың қатысуымен «Мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі жаңашылдықтар» тақырыбында брифинг өтті

2022 жылы рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын және негіздемелік келісімдерді пайдаланылатын конкурстар түрінде мемлекеттік сатып алудың жаңа тәсілдері енгізілді.
Рейтингтік-балдық жүйе мемлекеттік сатып алу процесіне адамның қатысуын толығымен жоюды көздейді және конкурстық комиссиясыз жүзеге асырылады. Веб-портал автоматты түрде әлеуетті жеткізушілерге тиісті ұпайларды береді және жеңімпазды анықтайды.
Негіздемелік келісімдер сатып алу рәсімдерін 30 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Бірінші кезеңде белгіленген талаптарға сәйкес келетін өнім берушілер таңдалады, олармен негіздемелік келісім жасалады. Екінші кезеңде тапсырыс берушілер тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға өтінімдер жібереді. Шарт ең жақсы ұсынысты ұсынған өнім берушімен жасалады.
2022 жылы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнан бір көзден сатып алудың 7 негізі алынып тасталды және 8 негіз бойынша бір көзден сатып алуды жүзеге асыру жағдайлары қайта қаралды.
Бәсекелестік тәсілдермен сатып алуды басым жүзеге асыру туралы талап, сондай-ақ тапсырыс берушінің бірінші басшыларының бір көзден сатып алуды жүзеге асыру үшін жауапкершілігі белгіленген.
2021 жылмен салыстырғанда бір көзден сатып алу 39%-дан 25%-ға дейін қысқарды.
Қаржы министрлігімен Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау үшін сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің ең төменгі бағасынан сапа басымдығын, сондай-ақ барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарды сатып алудың бірыңғай платформасына ауыстыруды көздейтін «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң әзірленуде.
Қазіргі уақытта Парламент депутаттары, мүдделі ОМО және ЖАО, ҰКП, бизнес-қауымдастық және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатарынан Заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңның негізгі мақсаттары:
- рәсімдерді егжей-тегжейлі реттеусіз, заңға икемділік беру;
- сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру;
- одан әрі цифрландыру есебінен сатып алу процесін оңайлату;
- сатып алу бойынша бірыңғай платформа құру.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң жобасы ағымдағы жылдың қыркүйек айында Парламенттің қарауына енгізілетін болады.
Жалпы, жаңа Заңның қабылдануы мемлекеттік сатып алудың сапалы жаңа және тиімді жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.