Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлкеттік аудит департаментінің 2022 жылғы жұмыс қорытындысы

Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлкеттік аудит департаментінің 2022 жылғы жұмыс қорытындысы

Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлкеттік аудит департаменті 2022 жылдың қорытындысы бойынша 236 аудиторлық іс-шара жүргізді, оның ішінде  219 іс-шара жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін, 17 іс-шара -республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қамтиды.

Аудиторлық іс-шаралармен жалпы сомасы 171 406,2 млн. теңгеге бюджет қаражаттары және мемлекет активтері қамтылып, жалпы сомасы 91847,6 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтардың сомасы 7 438,7 млн.теңгені және   рәсімдік  бұзушылықтар 84 408,9 млн. теңгені құрады.

Есепті кезеңде анықталған жалпы сомасы 7 438,7 млн. теңге қаржылық бұзушылықтар толығымен (100%)  өтелді және  қалпына келтірілді, оның ішінде өтелуге жататыны – 758,8 млн. теңге болса, бюджетке толығымен (100%) өтелді және жалпы сомасы 6679,9 млн. теңгеге  тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау,  қызметтерді көрсету және есеп бойынша көрсету  арқылы қалпына   келтірілді.

2022  жылы  камералдық бақылаумен 464 666,1 млн. теңге соманың  26 036 лоты мен жоспар  тармақтары (қамту 97,1-ды  құрайды) қамтылды, 1 690 лот бойынша 59 018,2 млн.теңгеге бұзушылықтар  анықталды.

Департамент тарапынан есепті кезеңде 680 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 47,9 млн. теңге сомасына әкімшілік жаза салынды және ол сома толығымен   бюджетке өндірілді.

Сондай-ақ  ағымдағы жылдың аудиторлық қызмет нәтижелері бойынша 127 лауазымды тұлға  тәртіптік жауапкершілікке тартылды.